Жаңартуларды қосалқы Басқару серверлеріне автоматты түрде тарату

Сіз таңдаған бағдарламаның жаңартулары жаңартуларды негізгі Басқару серверінің қоймасына жүктегеннен кейін бірден қосалқы Басқару серверлеріне автоматты түрде таралуы үшін:

  1. Негізгі Басқару сервері түйініндегі консоль ағашында Тапсырмалар қалтасын таңдаңыз.
  2. Жұмыс аймағындағы тапсырмалар тізімінен Жаңартуларды Басқару серверінің қоймасына жүктеп алу тапсырмасын таңдаңыз.
  3. Таңдалған тапсырманың сипаттар терезесінің Параметрлер бөлімін келесі тәсілдердің бірімен ашыңыз:
    • Файлдың мәнмәтіндік мәзірінде Сипаттар тармағын таңдаңыз.
    • Таңдалған тапсырмамен жұмыс істеу блогындағы Параметрлерді өзгерту сілтемесі бойынша.
  4. Тапсырманың сипаттар терезесінің Параметрлер бөлімінде Басқа параметрлер терезесін Басқа параметрлер бөлікшесіндегі Конфигурациялау сілтемесі арқылы ашыңыз.
  5. Ашылған Басқа параметрлер терезесінде Қосалқы Басқару серверлерін мәжбүрлеп жаңарту жалаушасын қойыңыз.

Басқару серверінің жаңартуларын жүктеп алу тапсырмасының параметрлерінде тапсырма сипаттары терезесінің Параметрлер қойыншасында Қосалқы Басқару серверлерін мәжбүрлеп жаңарту жалаушасын қойыңыз.

Нәтижесінде, жаңартуларды алғаннан кейін бірден негізгі Басқару сервері осы тапсырмалардың параметрлерінде белгіленген кестеге қарамастан, қосалқы Басқару серверлерінің жаңартуларын жүктеп алу тапсырмаларын автоматты түрде іске қосады.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: "Лаборатория Касперского" бағдарламалары мен дерекқорларын үнемі жаңартып тұру

Басына оралу